KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылғы 13 қазанда университетте жастар арасында ойын және компьютерлік тәуелділіктің алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшы ретінде № 7 қалалық емхананың, «Aq-Jol» Жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Жеңісова Ә.Е. қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ойынға тәуелділіктің қалыптасу себептерін, оның жастардың психологиялық саулығына, оқу үлгеріміне және әлеуметтік өміріне әсерін, сондай-ақ тәуелді мінез-құлықтың алдын алу жолдарын талқылады. Семинар-тренингте өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға, цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалануға және салауатты әдеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.