KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2024 жылдан бастап, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Наурызнаманың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманың мақсаты қазақ дәстүрлерін ескере отырып, 14-23 наурыз аралығында әр күннің ұлттық ерекшелігін ашу болды. Университетте Наурызнама онкүндігі бойынша өткізілетін іс-шараларға университеттің барлық білім алушылары мен қызметкерлері атсалысты, ешкім бей-жай қарамады. 14 наурыздың бірінші күні «Көрісу күні» кафедралардың аға буын өкілдері мен университет қызметкерлерін студенттер мен кураторларымен құттықтау ұйымдастырды. Іс-шара қызу және үлкен жылулықпен өтті. 15 наурыз, «Мейірімділік күні» - студенттер балалар үйі мен әлеуметтік үйге барды. Студенттер балалармен спорттық ойындар ұйымдастырды, балалар да өз таланттарын көрсетіп, ән айтып, би биледі, сыйлықтармен алмасты. Тәрбиеленушілер өздеріне нағыз мереке ұйымдастырған студенттермен қуаныштарымен бөлісті. 16 және 17 наурыз «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні» және «Шаңырақ күні». Бұл күндері кураторлар халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді (бесік, беташар және т.б.) көрсету бойынша кураторлық сағаттар, ұлттық тағамдар мен дәстүрлер көрмесі, ұлттық құндылықтарға арналған түрлі іс-шаралар өткізді. 20 наурыз «Ұлттық спорт күні», Дене шынықтыру кафедрасы спорттың 4 түрі бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырды. «Тазару күніне» орай Молекулярлық биология курстарымен кафедрасының волонтерлері университет аумағында сенбілік ұйымдастырды.