Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан – ұлттың шамшырағы» әдеби-танымдық кеш
2025 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлы қазақ ғалымы, тарихшы, шығыстанушы, фольклорист Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан – ұлттың шамшырағы» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты — Шоқан Уәлихановтың ғылыми және мәдени мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау. Кеш барысында қатысушыларға ғалымның өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректер ұсынылды. Студенттер Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметінің түрлі қырларын қамтитын мазмұнды баяндамалар дайындап, оның ішінде ғалымның қырғыз халқының ауыз әдебиетінің ұлы туындысы — «Манас» жырын зерттеуге қосқан үлесі, сондай-ақ оның түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін танудағы маңызы айтылды. Сонымен қатар, Уәлихановтың ғылыми мұрасының қазіргі замандағы өзектілігіне ерекше назар аударылды. Студенттердің орындауында театрландырылған қойылым көрсетіліп, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл кеш көрермендердің қызығушылығын оятып, ұлы ғалымның тұлғасына деген құрмет сезімін арттырды. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Шуланбекова Г.К. сөз сөйлеп, Шоқан Уәлихановтың мұрасының маңызы туралы өз ойымен бөлісіп, кешті қорытындылады.