KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Ұлттық жазылым аясындағы деректер базалары

Scopus

Scopus - рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің аннотациялары мен дәйексөзделуі туралы ақпаратты қамтитын әлемдегі ең ірі деректер базаларының бірі. Деректер базасында мәліметтерді іздеу, талдау, қадағалау және визуализациялауға арналған кіріктірілген библиометриялық құралдар қарастырылған.
Scopus базасында әлемнің 5 000-нан астам халықаралық баспасының 22 794 ғылыми басылымы жинақталған. Онда жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, техника, медицина және өнер салалары бойынша ғылыми жарияланымдар қамтылған.

Web of science

Web of Science – ғылыми журналдардағы мақалаларды, ғылыми конференциялар материалдарын және монографияларды қамтитын көпсалалы аналитикалық реферативтік деректер базасы. Оның құрамына Юджин Гарфилд әзірлеген Citation Index (дәйексөздер индексі) кіреді.
Платформада ғылыми ақпаратты іздеуге, талдауға және библиографиялық деректерді басқаруға арналған кіріктірілген құралдар бар. Web of Science деректер базасын Clarivate Analytics компаниясы әзірлейді және жазылым негізінде ұсынады.

Wiley Online Library

Wiley Online Library – Wiley баспасының ғылыми журналдарының электрондық топтамасы. Деректер базасында 1 600-ден астам ғылыми журналдан алынған 4 миллионнан астам мақала жинақталған.

РЕСУРСТАР

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖОЭК) – Қазақстанның жоғары оқу орындарының электрондық ресурстарын біріктіретін бірыңғай деректер базасы. Оның мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын, бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларын заманауи білім беру және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету.

IPR SMART

IPR SMART электрондық кітапхана жүйесі (ЭКЖ)– білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған Ресейдің лицензияланған, сертификатталған толықмәтінді электрондық басылымдар базасы.
Бұл деректер базасы оқу мен ғылыми зерттеулерге арналған сенімді әрі тиімді ақпараттық ресурс болып табылады. Ол заманауи ақпараттық технологиялар мен лицензияланған оқу әдебиеттерін біріктіріп, білім берудің түрлі бағыттары бойынша ақпарат ұсынады.
IPR SMART жүйесінің көмегімен пайдаланушылар семинарларға, сынақтар мен емтихандарға дайындалу, сондай-ақ оқу, ғылыми және жобалық жұмыстарды орындау үшін қажетті ақпаратты ала алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ электрондық кітапханасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ электрондық кітапханасы – еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің электрондық кітапханасы.

Консультант студента

«Консультант студента» – негізгі медициналық пәндер бойынша заманауи оқу әдебиеттерінің толық мәтіндеріне қолжетімділік беретін көпсалалы білім беру ресурсы.