Қазақстан Республикасының күніне орай: ҚРМУ қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды
Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Қазақстан-Ресей медициналық университетінің қызметкерлері көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Марапаттар қатарында «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары бар. Бұл марапаттар қызметкерлердің кәсіби жетістіктері мен медицина ғылымын, білім беруді және болашақ денсаулық сақтау мамандарын даярлау ісін дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағалануы болып табылады. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, амандық және кәсіби қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз! Қазақстан-Ресей медициналық университеті өз қызметкерлерін және олардың еліміздің медицина саласын дамытуға қосқан үлесін мақтан тұтады! Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!