Нашақорлық пен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу
Университетте Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова Сұлушаш Ақылбекқызының қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу және мұндай әрекеттер үшін заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері талқыланды. Студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, салауатты өмір салтын ұстануына және саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруына ерекше назар аударылды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.