KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылғы 5 ақпанда стоматология кафедрасында «Бағытталған реминерализация. Дұрыс таңдау» атты мастер-класс өтті. Ұйымдастырушы компания R.O.C.S. Бұл компанияның өкілдері жоғары санатты дәрігер В.Р. Токарева (Долгих) және С.С. Матагулина болды. Бірінші бөлім танысу дәрісі түрінде өтті, онда компанияның өнімдерін қолдана отырып эмальды минералдандыру, биопленкалар, реминерализациялық терапиясы және фторлық алдын алу, бастапқы кариесті емдеу әдістері, қатты тіс тіндерінің кариозды емес зақымдануы талқыланды. R.O.C.S. мастер-класының екінші бөлімі емдеу кабинетінде өтті. Волонтерлер, Стоматология факультетінің 3 курс студенттері, Асімханова Назгүл және Шағдарбекова Аружан R.O.C.S. medical minerals гелін қолдана отырып, кәсіби түрде тістерді тазарту және реминерализациялау терапиясы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Соңында барлық студенттерге R.O.C.S. компаниясының сыйлықтары табысталды.