Мейірбике ісі факультетінің бітірушілеріне диплом тапсырылды
2025 жылғы 12 ақпанда «Мейірбике ісі» жеделдетілген оқыту нысанындағы білім беру бағдарламасының бірінші халықаралық түлектеріне «Денсаулық сақтау бакалавры» біліктілігімен дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Құттықтау тілекпен алғашқы сөзді Университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Жайнақбаев алды. Сонымен қатар, бітірушілерді Новосібір мемлекеттік медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Маринкин М.О. және Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМБҰ университеттік клиникасының бас дәрігері Д.А. Овчинников құттықтады. Университет деканының орынбасары Керімқұлов Д.Б., Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары Пулатжанова М.Э., Ибраимжанова Ж.Е. түлектерді салтанатты мереке күнімен құттықтап, тілектерін жеткізді. Бітірушілер атынан Селедцова Анастасия сөз сөйледі. Тұңғыш шығарылым біздің университет үшін маңызды және медициналық кадрларды даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Дипломдарды салтанатты тапсыру мерекесінде ҚРМУ студенттерінің күшімен дайындалған концерт тамашаланды.