KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

1. Жалпы ережелер

1.1. «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МББМ кітапханасын пайдалану ережелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы №827 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымының кітапханасы туралы үлгілік ережеге», 2002 жылғы 8 мамырдағы №118 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы кітапханалық мекемелері қызметінің ережелеріне» және «ҚазРосМедУниверситет» МББМ бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

1.2. Кітапхананы пайдалану құқығы білім алушыларға (студенттерге) және профессор-оқытушылар құрамына (ПОҚ) беріледі.
Ескерту: Штаттан тыс профессор-оқытушылар құрамы мен талапкерлер кітапхана қорын жеке куәлігін көрсету арқылы тек оқу залдарында ғана пайдалануға құқылы.

1.3. Оқырмандарды кітапханаға тіркеу жеке куәлігін, ал ПОҚ үшін ҚРМУ кадрлар бөлімінің анықтамасын көрсету арқылы «ИРБИС» бағдарламасында жүзеге асырылады.

1.4. Кітапхана оқырманына кітаптар, журналдар, мерзімді басылымдар және басқа да материалдар пайдалануға беріледі.

1.5. Әдебиеттерді беру оқу абонементінде және оқу залдарында жүзеге асырылады.

2. Әдебиеттерді пайдалану тәртібі

2.1. Энциклопедиялар, атластар, анықтамалық басылымдар және сирек кездесетін басылымдар үйге берілмейді.

2.2. Оқу әдебиеттері студенттерге оқу семестріне, осы пәнді өту кезеңіне немесе бір циклге беріледі.

2.3. Ғылыми әдебиеттер 3 данадан аспайтын мөлшерде 3 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге беріледі.

2.4. Мерзімді басылымдар үйге берілмейді, олар тек жалпы оқу залында 5 нөмірден немесе түптелген бір жылдық жинақтан аспайтын мөлшерде беріледі.

2.5. Егер студент өткен курс, семестр немесе цикл бойынша кітаптарды тапсырмаған болса, оған жаңа кітаптар берілмейді.

2.6. Оқу залынан кітаптарды сыртқа шығаруға қатаң тыйым салынады. Оқу залынан ұзақ уақытқа кетер алдында оқырман қолындағы кітаптарын кезекші кітапханашыға тапсыруы тиіс.

2.7. Егер басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, оқырмандар үйге алған кітаптарын пайдалану мерзімін ұзарта алады. Ұзарту процедурасы қайта тіркеу үшін кітапты кітапханаға алып келген жағдайда ғана жасалады.

3. Оқырмандардың міндеттері

3.1. Оқырмандар кітаптар мен басқа баспа өнімдеріне ұқыпты қарауға және оларды белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті.

3.2. Кітап беттеріне ешқандай белгі салмауға, астын сызбауға, парақтарын жыртпауға және бүктемеуге, сондай-ақ қордың орналасу ретін бұзбауға міндетті.

3.3. Кітаптарды немесе басқа баспа өнімдерін алған кезде оларды мұқият қарап шығып, қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауы тиіс.

3.4. Кітапхана кітабын жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оқырман оның орнын дәл сондай кітаппен немесе кітапхана жоғалған кітапқа тең деп таныған басқа басылыммен толтыруға (өтеуге) міндетті.

3.5. Жоғалған немесе бүлінген басылымдардың құны кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген бағалар бойынша, кітапхана қорын қайта бағалау немесе олардың нарықтық бағасы ескеріле отырып анықталады.

3.6. Студенттер жазғы демалысқа кетер алдында өздерінде бар барлық кітаптарды тапсыруға міндетті. Жазғы демалыс кезеңінде кітаптар оқырмандардың жеке сұранысы бойынша ғана беріледі.

3.7. Ережелерді бұзғаны үшін оқырмандар әкімшілік белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Оқырмандардың кейбір кітапхана ережелерін бұзғаны туралы материалдарды салалық кітапханашы деканаттың немесе университеттің әкімшілік ұйымдарының қарауына жібереді. Сондай-ақ кітапхана бойынша қарыздар туралы ақпарат студенттердің ата-аналарына да жеткізіледі.