Резидент - волонтерлердің онкологиялық пациенттердің «Жаңа үміт» атты I Республикалық конференциясына қатысуы
2025 жылғы 15 наурызда Дерматовенерология фтизиатрия курсымен кафедрасының 2-курс волонтер – резиденттері Қазақстан-Британ техникалық университетінде өткен онкологиялық пациенттердің «Жаңа үміт» атты I Республикалық конференциясына белсенді түрде қатысты. Іс-шараға 200-ден астам адам, соның ішінде пациенттер, медицина мамандары және елдің жетекші онкологтары қатысты. Конференция пациенттер мен кәсіби қоғамдастық арасындағы ашық диалог алаңына айналып, халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностика жасау және заманауи емдеу тәсілдері туралы хабардарлығын арттыруда маңызды қадам болды. Мұндай іс-шараларға резиденттердің қатысуы кәсіби эмпатияны қалыптастыруға, клиникалық көкжиегін кеңейтуге және пәнаралық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.