KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда – 1882 жылы Роберт Кох туберкулезді тудыратын қоздырғышты ашқан күні өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1993 жылдан бастап туберкулез жаһандық проблема деп жарияланды. ДДҰ мәліметтері бойынша, туберкулез бүкіл әлемде өлімнің жетекші он себебінің бірі болып табылады. Бұл күн туберкулездің денсаулыққа, қоғамға және экономикаға тигізетін әсері туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға және жаһандық туберкулез эпидемиясымен күресу бойынша күш-жігерді жандандыруға бағытталған. Сонымен, 2025 жылғы 4 наурызда университетте, Дерматовенерология фтизиатрия курсымен кафедрасының оқытушылары туберкулез бен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, ерте анықтау және емдеу мәселелері бойынша іс-шара өткізді. 1. Эпидемиология ТБ. - Касенова Л.Ш. 2. Туберкулездің алдын алу - Сагинтаева Г.Л. 3. Раннее выявление туберкулеза - Игликова Ш.К. 4. Латентная тубинфекция - Туйебаева Б.Т. 5. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Алдын алу шаралары. - Омар Айгерім (резидент-дерматовенеролог) 6. Профилактика ИППП - Макарова Виктория (резидент дерматовенеролог).