Almaty Museum of Arts мұражайына экскурсия
2025 жылғы 16–17 қазан күндері «Медицина» факультетінің 114 А, Б және 115 А, Б топтары (куратор — Бухарбаев К.М.), сондай-ақ 410 А, Б топтары (куратор — Абдуханова М.Б.) Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайына барды. Экскурсия барысында студенттер қазақстандық және әлемдік заманауи өнер бағыттарымен танысып, мұражайдың тұрақты экспозициясындағы бірегей туындыларды және уақытша көрмелерді тамашалады. Экскурсоводтар танымал суретшілердің шығармашылық жолы, өнер техникаларының ерекшеліктері және заманауи өнердің даму үрдістері туралы жан-жақты ақпарат берді. Мұражайға бару студенттердің көркемдік дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық қабылдауын дамытты және жаңа мәдени әсер алуға мүмкіндік берді. Іс-шара студенттердің жалпы мәдени құзыреттерін қалыптастыруға және өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.