Студенттер мен жас стоматологтардың ұлттық конгресіне қатысу
2025 жылдың 4–5 сәуір күндері С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында студенттер мен жас стоматологтардың Ұлттық конгресі өтті. Біздің университеттің студенттері конгресс шараларына белсене қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби дамуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Конгресс аясында студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған дәрістер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, терапиялық, хирургиялық стоматология және ортодонтия бағыттары бойынша олимпиадалар өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен практикалық шеберліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.