Фармация кафедрасында Гаухар Үмбетбайқызымен мотивациялық кездесу өтті
2024ж. қазан айының 21-і күні Фармация кафедрасында мотивациялық кездесу өтті. Кездесу қонағы: ҚР Ұлттық Ғылыми Фтизиопульмонология орталығы дәріханасының меңгерушісі Гаухар Үмбетбайқызы. Кездесуге кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісі Каюпова Фарида Елеусизовна келген қонақпен таныстырып, іс-шараны ашып берді. Кездесу барысында Гаухар Үмбетбайқызы фармация мамандығы жайлы, өзінің кәсіби тәжірибе жолы туралы айтып өтті. Студенттер тарапынан қызығушылық сұрақтар көп қойылып, кездесу жоғары деңгейде өтті.