Қазақстан Республикасы күніне арналған бадминтоннан жеке біріншілік
2024 жылдың 18-27 қазан аралығында KРМУ спорт залында Қазақстан Республикасы күніне орай шетелдік студенттер арасында бадминтоннан жеке біріншілік өтуде. Бұл жарыстар білімалушыларды салауатты өмір салтын насихаттау, таныстыру және бадминтонды насихаттау мақсатында өткізіледі. Байқауға Халықаралық медицина мектебінің 2-5 курстар аралығындағы студенттер қатысады. Нәтижесінде қалалық және ЖОО аралық турнирлерге қатысу үшін университет командасы жасақталады.