KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылдың 17 мамырында Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Тайыржан Оразханның ұйымдастыруымен Медицина факультеті 2 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Орталық музейіне экскурсия өткізілді. Студенттер ұлттық мұрамыздың бірегей және тарихи-мәдени құндылықтары қойылған музей залдарын аралап көрді. Әсіресе, «Музей түні – 2025» шарасы аясында ғана ұсынылған, тұрақты экспозицияға кірмейтін сирек және құнды экспонаттар студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Игі дәстүрге айналған бұл іс-шара биыл екі негізгі тақырып бойынша ұйымдастырылды: «Музей – руханият ордасы» және «Ерлік пен мемлекеттілік – бөлінбес ұғымдар». Сондай-ақ студенттер қазақтың дәстүрлі қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысып, ұлттық мәдениеттің байлығы мен өзіндік ерекшелігін танытатын қолөнер туындыларымен танысты. Бұл іс-шара жастарды Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, рухани құндылықтарына баулуда маңызды қадам болды және қатысушыларға жарқын әсер қалдырды