KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

"Қазросмедуниверситет" МЕББМ докторантурада оқыту ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүргізіледі:

Оқу мерзімі 3 жыл
Оқыту нысаны күндізгі оқыту
Алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар резидентура немесе "Магистр" дәрежесі медициналық мамандықтар бойынша.
Докторантураны бітіруші дәрежесі Философия докторы PhD
Дайындайды Ғылыми, педагогикалық және басқару кадрлары

БІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЫЗ

8D10101 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ғылыми-педагогикалық бағыт
Білім беру бағдарламасы тобының коды: D139

8D10102 МЕДИЦИНА

Ғылыми-педагогикалық бағыт
Білім беру бағдарламасы тобының коды: D141

ДОКТОРАНТУРАҒА АЛДЫН АЛА ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ТҮСУ ЕМТИХАНЫ

Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған адамдар қабылданады.

Докторантураға қабылдау екі кезеңде жүргізіледі: алдын ала іріктеу, түсу емтихандары.

Университет докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін түсу емтихандары басталғанға дейін жүргізіледі.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жүргізілген алдын ала іріктеу нәтижелері түсу емтихандарына жіберу немесе жібермеу болып табылады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары тобы бойынша алдын ала іріктеу және түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

Алдын ала іріктеу Түсу емтихандарына өтініштерді қабылдау Қабылдау емтихандары Қабылдау
күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін 1 күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін; 1 күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін; 1 күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2 күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін 2 күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін. 2 күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін

АЛДЫН АЛА ІРІКТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  1. белгіленген үлгідегі бланкіде ректордың атына өтініш
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  3. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдар мен куәліктердің көшірмелері
  4. түйіндеме
  5. жұмыс орнынан анықтама
  6. жоспарланатын ғылыми жұмыстың жобасы (ғылыми зерттеудің аннотациясы)
  7. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар)тізімі (бар болса)
  8. ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар; гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар және т. б. (Бар болса)
  9. ұсыныс хат (бар болса)

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

Докторантураға түсетін адамдар күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін (25 қазаннан 10 қарашаға дейін) университетке университеттің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады: :

1) Университет ректорының атына өтініш (1-қосымша);
2) білімі туралы Құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және көшірмесі;
4) шетел азаматтарын қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
7) өлшемі 3x4 сантиметр болатын екі фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (кадрлар бөлімімен расталған көшірме);
9) докторантураға алдын ала іріктеуден өткені туралы анықтама;
10) жоспарланатын ғылыми жұмыстың жобасы (ғылыми зерттеудің аннотациясы) (2-қосымша);
11) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі (бар болса);
12) эссе (3-қосымша);
13) түйіндеме (4-қосымша);
14) ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар; гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар және т. б. (Бар болса)
15) ұсыныс хат (бар болса)
16) картон байланыстырғыш (1 дана).

ағылшын тілін білу бойынша: IELTS Academic, шекті балл-кемінде 5.0;
TOEFL IBT, шекті балл-кемінде 35 балл;
TOEFL ITP, шекті балл-кемінде 417;
TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл-кемінде 550;
Duolingo English Test, шекті балл-кемінде 80;

неміс тілін білу бойынша:
DSH, Niveau В1 - деңгейінен төмен емес;
TDF Niveau В1 - деңгейінен төмен емес;

француз тілін білу бойынша:
TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
DELF - B1 деңгейінен төмен емес;
DALF - B1 деңгейінен төмен емес;
TCF - В1 деңгейінен төмен емес.

4), 5) және 8) тармақшаларда санамаланған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

TOEFL ITP сертификаты бар адамдар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге қосымша тестілеуден өтеді. 4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды. 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Шетелдік азаматтарды докторантураға ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде университеттің қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды..

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ:

Докторантураға адамдарды қабылдау докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жүзеге асырылады.

ОҚУ ҚҰНЫ:

Докторантура барлық мамандықтар 1 жыл оқу 1.500.000 тг.