KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG
Тұңғышбаева Зина Байбағысқызы
Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Оқытушының академиялық профилі

Тұңғышбаева
Зина Байбағысқызы

Биология ғылымдарының докторы
Доцент (ассоц. профессор)

«Молекулалық биология, жалпы химия, биохимия және медициналық генетика курсы» кафедрасының меңгерушісі

180+
Ғылыми мақалалар мен тезистер
2
Қазақстан Республикасының патенті
8
Докторантқа ғылыми жетекшілік
18
Магистрантқа ғылыми жетекшілік

Академиялық жол

Білімі және ғылыми дәрежелері

  1. Жоғары білім · Биолог

    С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, биология факультеті.

  2. Биология ғылымдарының кандидаты

    Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтындағы диссертациялық кеңестің шешімімен берілген ғылыми дәреже.

    № 2 хаттама · ҒК № 0009102

  3. Биология мамандығы бойынша доцент

    ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен берілген ғылыми атақ.

    № 9 хаттама · ДЦ № 0000181

  4. Биология ғылымдарының докторы

    ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілген ғылыми дәреже.

    № 6 хаттама

Зерттеу және ынтымақтастық

Ғылыми қызметі

Экологиялық факторлардың жануарлар ағзасына әсерін зерттейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Өзбекстан және Ресей ғалымдарымен тығыз байланыста. Докторлық диссертациясының зерттеу жұмыстарын Новосибирск қаласындағы РҒА СБ цитология және гистология институтының филиалы — клиникалық экспериментальді лимфология ғылыми-зерттеу институтында жүзеге асырған.

Жақын және алыс шетелдерде бірқатар мақалалары басылымнан шыққан және марапатталған.

Оқу-әдістемелік еңбектер

Оқу басылымдары

Оқулық

Цитология және гистология негіздері

«Ұлағат» баспасы · 247 бет

ҚР Оқу-әдістемелік бірлестігінің грифімен шығарылған. № 3 хаттама, 12.03.2015.

Оқу құралы

Цитология және гистология

«Ұлағат» баспасы · 152 бет

ҚР Оқу-әдістемелік бірлестігінің грифімен шығарылған. № 3 хаттама, 16.06.2017.

Оқулық

Жасуша және ұлпалар биологиясы

«Ұлағат» баспасы · 315 бет

Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-әдістемелік бірлестігінің грифімен шығарылған. № 4 хаттама, 05.06.2024.

Оқулық

Гистохимия негіздері

«Ұлағат» баспасы · 111 бет

Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-әдістемелік бірлестігінің грифімен шығарылған. № 2 хаттама, 14.03.2024.

Ғылыми кадрларды даярлау

Ғылыми жетекшілік

Докторантура

8 докторантқа ғылыми жетекшілік еткен. Досымбекова Р. С. және Орынбаева Ж. А. диссертацияларын қорғаған. Жанатаев Б. Т. және Дәулетқұл М. Е. алдын ала қорғаудан өткен.

Магистратура

18 магистрантқа ғылыми жетекшілік еткен. Барлығы магистрлік ғылыми жұмыстарын «үздік» деген бағаға қорғаған.

Казакстан Республикасы.pdf

Тунгушбаева З.Б. Халыкаралык рецензияланган басылымдардагы жарияланымдар тізімі.pdf