ҚРМУ мақтанышы!
Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенті Элеонора Ибрагимова халықаралық спорт додасында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады! 2026 жылғы 18–28 қазан аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent Shooting Plaza» ату кешенінде КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқ атудан және стендтік атудан ISSF Гран-приінің 35-ші халықаралық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 13 елінен 250-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Жалпы медицина» факультетінің 5-курс студенті Элеонора Ибрагимова өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол үш жүлделі орынға ие болды: 1 орын — аралас командалық есеп (микст) 2 орын — жеке есеп 2 орын — командалық есеп Халықаралық деңгейдегі үш жүлде — шеберліктің, табандылық пен мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі! Элеонораны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа спорттық жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз! ҚРМУ — тек кәсіби білім алу орны ғана емес, сонымен қатар өз қабілетіңді түрлі бағытта дамытуға мүмкіндік беретін университет!