Қазақстан - Ресей медициналық университетінде құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізілген іс-шара туралы қысқаша есеп
Өткізу күні: 16.10.2024 ж. Өтетін орны: Алматы, Қазақстан - Ресей медициналық университеті Ұйымдастырушылар: Тіл пәндері кафедрасы, Ішкі істер министрлігі Академиясының полковнигі Эльвира Алимова. Қатысушылар: ҚРМУ студенттері мен оқытушылары. Іс-шараның мақсаты: Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оқу орнының қауіпсіздігін талқылау, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту. Іс-шараның сипаттамасы: Іс-шара тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі Ш.А. Торғаеваның құттықтау сөзімен басталды. Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілі Э.А. Алимова университеттегі криминогендік жағдай мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға назар аударды. Талқылау тақырыптары: 1. Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік: Құқық қорғау органдарының өкілі университет аумағындағы қылмыстарды алдын алу шараларын түсіндірді. 2. Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын алу: Есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес бағдарламалары талқыланды. 3. Құқықтық қорғау және жауапкершілік: Студенттердің құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөнінде ақпарат берілді. Қорытынды: Студенттер қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы ақпарат алды. Құқық қорғау органдарының өкілі университетпен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Ұсыныстар: 1. Университетте шұғыл көмек қызметтерінің байланыс деректері мен полиция өкілдері туралы ақпараттық стендтер орнату. 2. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсарту үшін іс-шараларды жалғастыру. 3. Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті насихаттау бағдарламаларын әзірлеу. Қорытынды: Іс-шара сәтті өтті, студенттердің құқықтық мәселелер мен қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығын арттырды, университет пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтты.