Магистратура
МАГИСТРАТУРА – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде игере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.
Магистратурада оқуға екі бағыт бойынша жол беріледі:
| Ғылыми-педагогикалық | Бейіндік | |
|---|---|---|
| Оқу мерзімі | 2 жыл | 1 жыл және 1,5 жыл |
| Оқыту нысаны | күндізгі оқыту | күндізгі оқыту |
| Магистратура түлегінің академиялық дәрежесі | Медицина ғылымдарының магистрі | Денсаулық сақтау магистрі |
| Дайындайды | Ғылыми және педагогикалық кадрлар | Басқару кадрлары |
Біздің білім беру бағдарламаларымыз
7М10102 МЕДИЦИНА:
- Бағыты: Ғылыми-педагогикалық бағыт
- Білім беру бағдарламасы тобының коды: М144
- Білім берудің алдыңғы деңгейіне қойылатын талаптар
- Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім:
- 6В10103 - "Жалпы медицина",
- 5B130100 - "Жалпы медицина",
- 5В130300 - "Педиатрия",
- 040100 - "Емдеу ісі ",
- 040200 - "Педиатрия",
- 040600 - "Шығыс медицинасы",
- 6В10104 - "Стоматология",
- 5B130200 - "Стоматология",
- 5В110400 - "Медициналық-профилактикалық іс".
7М10101 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ:
- Бағыты: Ғылыми-педагогикалық бағыт, Бейіндік бағыт
- Білім беру бағдарламасы тобының коды: М140
- Білім берудің алдыңғы деңгейіне қойылатын талаптар
- Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім:
- 6В10103 - "Жалпы медицина",
- 6В10104 - "Стоматология",
- 6В10105 - "Қоғамдық денсаулық сақтау",
- 6В10101 - "Мейірбике ісі ",
- 6В10102 - "Фармация",
- 5В110200 - "Қоғамдық денсаулық сақтау",
- 5B130100 - "Жалпы медицина",
- 5B130200 - "Стоматология",
- 5В110100 - "Мейірбике ісі ",
- 5В110300 - "Фармация",
- 5В110400 - "Медициналық-профилактикалық іс",
- 5В130300 - "Педиатрия",
- 040100 - "Емдеу ісі ",
- 040600 - "Шығыс медицинасы",
- 040200 - "Педиатрия",
- 040300 - "Санитария және гигиена",
- 040400 - "Стоматология",
- 040500 - "Фармация".
7М10106 ФАРМАЦИЯ:
- Бағыты: Ғылыми-педагогикалық бағыт, Бейіндік бағыт
- Білім беру бағдарламасы тобының коды: М142
- Білім берудің алдыңғы деңгейіне қойылатын талаптар
- Мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім:
- 6В10102 - "Фармация",
- 5В110300 - "Фармация",
- 040500 - "Фармация".
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ
ТӘРТІБІ МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:
| КТ ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау | Кешенді тестілеу | Қабылдау | |||
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 8 шілдесіне дейін; | 1 | күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін; | 1 | күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін; |
| 2 | күнтізбелік жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін. | 2 | күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін. | 2 | күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін. |
ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ:
Магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуді (бұдан әрі-КТ) тапсырады
КТ-ны ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) айқындайтын пункттерде өткізеді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында КТ ға қатысуға өтініш беру қажет https://testcenter.kz/ru/.
КТ қорытындысы бойынша тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық сертификатқа берілетін болады.
КТ-дан өткен және өту балын жинаған оқуға түсушілер университеттің қабылдау комиссиясы арқылы ҚР ҒжЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтына магистратураның білім беру грантын алу конкурсына қатысуға өтініш бере алады. Өтініште оқуға түсушілер магистратураның білім беру бағдарламаларының бір тобын және ЖЖОКБҰ-ның 3 (үш) дейін көрсетеді.
Тестілеуге қатысуға өтінім беру
Тестілеуге қатысуға өтінім беру Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсетін тұлғалар КТ тапсырады, оның ішінде:
1. шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша Ағылшын, Неміс, Француз),
2. білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест,
3. қазақ немесе орыс тілінде таңдау бойынша оқуға дайындығын анықтауға арналған тест.
Бейіндік магистратураға түсетін тұлғалар КТ тапсырады, оның ішінде:
1. білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест.
Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері:
М-144 «Медицина» білім беру бағдарламаларының тобы:
1. Биостатистика;
2. Дәлелді медицина.
М-140 «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының тобы:
1. Биостатистика;
2. Қоғамдық денсаулық сақтау.
М-142 «Фармация» білім беру бағдарламаларының тобы:
1. Фармацияны басқару және экономика және дәрі-дәрмек технологиясы;
2. Фармацевтикалық химия және фармакогнозия.
ОҚУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
Магистратураға түсетін адамдар күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін (26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін) университетке қабылдау комиссиясы арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (портал) арқылы құжаттар пакетін ұсынады:
1. Қабылдау комиссиясы арқылы жүгінген кезде келесі құжаттар:
1.1. Университет ректорының атына өтініш (1-қосымша);
1.2. жоғары білім туралы құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
1.3. интернатураны бітіргені туралы куәлік (бар болса) (көшірмесі және түпнұсқасы);
1.4. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және көшірмесі;
1.5. өлшемі 3x4 сантиметр болатын алты фотосурет;
1.6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
1.7. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болса):
ағылшын тілін білу бойынша:
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл-кемінде 6.0 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл-кемінде 60 балл;
неміс тілін білу бойынша:
Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH) - B2 деңгейінен төмен емес;
TestDaF - Prufung (TDF) - B2 деңгейінен төмен емес;
француз тілін білу бойынша:
Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d ' Etudes en Langue français (DELF) - B2 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de langue français (DALF) - B2 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (TCF) - B2 деңгейінен төмен емес;
1.8. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін) (кадрлар бөлімімен расталған көшірме);
1.9. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).
1.10. Кешенді тестілеу сертификаты;
1.11. үміткерді магистратура бағдарламасына түсуге итермелеген себептер туралы, кандидаттың ұзақ мерзімді мансаптық мақсаттары туралы және бұл бағдарлама оған осы мақсаттарға жетуге қалай көмектесетіні туралы эссе; (2-қосымша);
1.12. түйіндеме (3-қосымша);
1.13. келісімшарт жасасуға және оқу ақысын төлеуге кепілдік беретін хат (қандай да бір мекеме немесе ұйым оқу ақысын төлеген жағдайда ақылы негізде магистратураға түсушілер үшін);
1.14. картон тезтікпе (1 дана);
1.15. пошта конверті, А6 өлшемі (1 дана) (фотосуреттерді сақтау үшін).
2. Портал арқылы жүгінген кезде:
2.1. оқуға түсушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2.2. жоғары білім туралы электрондық құжат;
2.3. электрондық форматтағы 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
2.4. оқуға түсушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы шет тілін меңгергенін растайтын сертификат.
Назар аударыңыз! Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсырған жағдайда, үміткер университеттің қабылдау комиссиясына жүгінген кездегі құжаттар тізбесі бойынша күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын ұсынуы қажет.
Магистратураға қабылдау:
Ғылыми-педагогикалық магистратураға адамдарды қабылдау ақылы негізде және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға КТ үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес КТ қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға кешенді тестілеуге арналған 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
| Тест түрлері | Тапсырма түрі | Тапсыру тілі | Тест саны | Балдар | Оқуға түсу үшін шекті балл |
|---|---|---|---|---|---|
| Шет тілі бойынша тест* | Тыңдалым Лексика-грамматикалық тест Оқылым | Ағылшын / Неміс / Француз | 50 | 50 | 25 |
| Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест** | бірінші бейіндік пән бойынша | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| екінші бейіндік пән бойынша | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 7 | |
| Барлығы | 130 | 150 | 75 | ||
Ескерту: * Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған жағдайда, қалауы бойынша шет тілі блогынан босатылады.
Ақылы негізде және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейінді магистратураға адамдарды қабылдау магистратураға КТ үшін 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес КТ қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Бейінді магистратураға кешенді тестілеуге арналған 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласы
| Тест түрлері | Тапсырма түрі | Тапсыру тілі | Тест саны | Балдар | Оқуға түсу үшін шекті балл |
|---|---|---|---|---|---|
| Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест** | бірінші бейіндік пән бойынша | Қазақ / Орыс | 30 | 30 | 7 |
| екінші бейіндік пән бойынша | Қазақ / Орыс | 20 | 40 | 7 | |
| Барлығы | 50 | 70 | 30 | ||
Мерзімді әскери қызметті өткерген адамдарды бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін үш жыл ішінде қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне кіретін басшы қызметкерлерді бейінді магистратураға ақылы негізде қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте көрсетілген адамдарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде күнтізбелік жыл ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең (семестр) басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.