Стенд атудан әлем чемпионаты
2025 жылдың 8–19 қазан аралығында Грекияның Афина қаласында стенд атудан беделді Әлем чемпионаты (ISSF World Championship Shotgun) өтті. Бұл әлемнің ең мықты мергендері жиналған беделді халықаралық додада Қазақстан намысын Элеонора Ибрагимова – «Жалпы медицина» факультетінің 421-Б тобының студенті абыроймен қорғады. 68 елден келген 508 спортшы қатысқан әлем чемпионатында оқ ату сызығына шығу – бұл өз алдына зор жетістік, қажырлы еңбектің, мақсатқа берік талпыныстың және жоғары спорттық шеберліктің нәтижесі. Элеонора ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, TRW – Trap Women, TRMT – Trap Mixed Team дисциплиналары бойынша сынға түсіп, әлемдік деңгейдегі жарыста баға жетпес тәжірибе жинады. Мұндай додаға қатысу – мергеннің спорттық мансабындағы маңызды кезең. Әлемнің үздіктерімен бақ сынасу шеберлікті шыңдауға, халықаралық тәжірибе алмасуға және болашақ жарыстарға чемпиондық мінез қалыптастыруға мүмкіндік береді.