КИМЭП Президенті Кубогы бойынша үстел теннисі
2024 жылғы 26 қазанда Медицина факультетінің студенттері: Алдабергенгов Әли (3 курс) және Өндіріс Аружан (2 курс) «КИМЭП Президентінің Кубогы» атты ашық қалалық ЖОО аралық үстел теннисі турниріне қатысты. Жарысқа Алматы қаласының 25 жоғары оқу орнынан үстел теннисінен құрама командалар қатысты. Жарыс оқушы жастарды салауатты өмір салтына баулу және таныстыру және 2025 ж. студенттік Спорт лигасына қатысу үшін университеттердің құрама командаларын анықтау мақсатында өткізілді.