Тоғызқұмалақ турнирі
2025 жылдың 19 наурызында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Наурыз мерекесіне арналған тоғызқұмалақ турнирі өтті. Турнирге қаладағы жетекші университеттерден құралған 8 команда құрамындағы 26 студент қатысты. Бұл жарыс Наурызнама – Ұлттық спорт түрлері күні аясында ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және студент жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында өткізілді. Университетіміздің тоғызқұмалақ бойынша құрамасы атынан қатысқан студенттер: 1. Сағымбаева Гүлфайруз – Медицина факультетінің 1-курс студенті 2. Жорабек Бейбарыс – Медицина факультетінің 1-курс студенті 3. Малшыбай Айсұлу – Медицина факультетінің 2-курс студенті Жарыс барысында Жорабек Бейбарыс жоғары шеберлік танытып, жеке есепте 1-орынды иеленді. Ол медальмен, мақтау қағазымен және естелік сыйлықпен марапатталды.