Эндокринология кафедрасының волонтерлік қызметі
2024 жылғы 1 қазанда Алматы қ. №7 Қалалық клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өткізілді, оған Эндокринология кафедрасының волонтерлері қатысты. 1 жыл резиденттері - волонтерлер эндокриндік патологиясы бар науқастарға кеңес берді, қант диабетін, қалқанша безінің ауруларын емдеу, салауатты өмір салтын сақтау және қант диабеті кезінде дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар берді. Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында, 2024 жылғы 13 қарашада волонтерлер №7 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері арасында қант диабеті скринингін өткізді. Скрининг орта және кіші медициналық қызметкерлерде аш қарынға гликемияны анықтау арқылы жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты қант диабетін, сондай-ақ көмірсулар алмасуының басқа да бұзылыстарын уақтылы анықтау және емдеу болып табылады. Скрининг барысында аш қарынға гликемиясы бұзылған 2 адам анықталды. Оларға диеталық терапия бойынша ұсыныстар берілді және одан әрі тереңірек тексеру үшін сынақтар тағайындалды.