KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2024 жылғы 28-30 қараша аралығында, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында шахматтан «ҚБТУ-2024 шахмат семестрі» атты дәстүрлі командалық турнир өтті. Бұл Турнир студент жастарды салауатты өмір салтына баулу, таныстыру және қала мен елдің үздік жоғары оқу орындарының командаларын анықтау мақсатында өткізілді. Турнирге ҚРМУ шахматтан құрама командасы қатысты: 1. Бақытова Әлия-Медицина, 1 курс 2. Нұрдәулет Олжас-Стоматология, 1 курс 3. Теміралы Бекболат-Фармация, 1 курс 4. Кодири Хушдили-Медицина, 2 курс 5. Оразова Ақжүніс-Стоматология, 2 курс 6. Батурин Станислав-Жалпы медицина, 3 курс 7. Исаенко Александр-Жалпы медицина, 4 курс 8. Мұсабек Абылайхан-Стоматология, 4 курс-команда капитаны 9 турдың қорытындысы бойынша, табанды күрес барысында ҚРМУ-1 командасы 29 команданың ішінен алғашқы үш орынды техникалық жоғары оқу орындарына беріп, 4-орынға ие болды.