Резидентураны бітіру туралы куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі
2025 жылғы 1 тамызда резидентураны бітіру туралы куәліктерді табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға клиникалық резидентураны аяқтаған түлектердің кәсіби қалыптасуындағы айтулы кезеңге айналды. Салтанатты шарада түлектерге университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілігінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Куәліктерді табыстау кезінде жас мамандардың еңбегі аталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Резидентураны бітіру туралы куәліктерді келесі тұлғалар табыстады: Сейдалин А.О. – ғылым және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Орақбай Л.Ж. – резидентура бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Миеpбеков Е.М. – анестезиология және реаниматология курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Ибрагимова И.Н. – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кардиология курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, доцент; Лепесова М.М. – неврология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Трынкин А.В. – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент; Тәукелева С.А. – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оториноларингология курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Абдуразақов А.У. – медицина ғылымдарының докторы, профессор; Распопова Н.И. – психиатрия және наркология кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы; Жұбанышевa К.Б. – неонатология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент; Алданғарова Г.А. – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру акушерлік және гинекология курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Изенбаев Н.Б. – жақ-бет хирургиясы кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты; Ахметбаева А.К. – радиология курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент; Танабаева Г.Ш. – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру физикалық медицина және реабилитация курсының аға оқытушысы; Ермаханова Т.У. – эндокринология кафедрасының аға оқытушысы; Ерманова С.А. – ішкі аурулар кафедрасының доценті, қауымд. профессор. Алған білім мен тәжірибе түлектердің алдағы кәсіби жетістіктерінің берік негізі болсын! Баршаңызға табысты мансап, шабыт пен осы игі медициналық мамандықта жаңа жеңістер тілейміз!