Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ел жүрегі» атты іс-шара
2024 жылдың 20 қыркүйегінде университетте Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл – ел жүрегі» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны Тілдер пәндері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды. Студенттер қазақ, орыс, ұйғыр, түрік және т.б. тілдерде өлең оқып, ән шырқады. Іс-шараның мақсаты студенттердің мемлекеттік және әлемдік тілдерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени мұра арқылы патриотизм сезімін ояту және тілдің адамзат үшін маңыздылығын тереңірек түсіну. Мерекелік іс-шараға белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.