KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Алматының мәдени орталықтарына экскурсия жасау мақсатында, 2024 жылдың 24 қазанында, Тілдік пәндері кафедрасы кураторы А.Т. Сейткулованың жетекшілігімен Медицина факультетінің 122 А,Б топ студенттері «Алатау» дәстүрлі өнер театрына барып, «Абай -Тоғжан» музыкалық драма қойылымын тамашалады. «Абай мен Тоғжан» — қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірінен сыр шертетін қойылым. Ол Абайдың жасөспірім шағында Тоғжан атты аруға деген алғашқы махаббатын суреттейді. Спектакльде Абайдың ішкі толғаныстары, махаббат пен қазақтың дәстүрлі мәдениетіне негізделген өмірлік құндылықтар шебер бейнеленген. Қойылым ұлттық дәстүрлер мен салт-жораларды көрсете отырып, қазақтың бай әдеби және музыкалық мұрасын насихаттайды. Театр қойылымында халық әндері, күй және заманауи сценография үйлесімді қолданылып, студенттерге ерекше әсер қалдырды.