Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайына саяхат
2024 жылғы 20 қарашада дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі А.А. Толыбекова кафедра резиденттерімен Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайына барды. Резиденттер мұражайда қазақ және әлемнің түрлі халықтарына тиесілі және әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетін білдіретін халық аспаптарының елеулі коллекциясы жинақталған 9 экспозициялық залын тамашалады.