Шахматтан республикалық турнир
2025 жылғы 28 ақпаннан 2 наурызға дейін КИМЭП Университетінің базасында «КИМЭП 2025 ГРАНД турнирі» жоғары оқу орындары арасында Қазақстан Республикасы Студенттер лигасының ашық Республикалық командалық шахмат турнирі және аймақтық жарыстары өтті. Бұл турнирге қаланың жетекші университеттерінің атынан 24 команда қатысты. Бұл турнир шахмат ортасында маңызды оқиға болды және студент жастарды салауатты өмір салтына баулу және таныстыру және қала мен елдің үздік жоғары оқу орындарының командаларын анықтау мақсатында өткізілді. Турнирге университетінің шахматтан құрама командасы қатысты: 1. Бақытова Әлия-Медицина, 1 курс 2. Нұрдәулет Олжас-Стоматология, 1 курс 3. Теміралы Бекболат-Фармация, 1 курс 4. Болат Олжас-Фармация, 1 курс 5. Кодири Хушдили-Медицина, 2 курс 6. Оразова Ақжүніс-Стоматология, 2 курс 7. Батурин Станислав-Жалпы медицина, 3 курс 8. Мұсабек Абылайхан-Стоматология, 4 курс-команда капитаны ҚРМУ-1 командасы табанды күрес барысында қатаң бәсекелестіктен сенімді түрде өтіп, бірнеше мықты жоғары оқу орындарын (Satbayev University, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран университеті) басып озды және 9 турдың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, 8 орын алды. ҚРМУ командасы дәстүрлі түрде осындай турнирлердің фавориті болып саналатын техникалық және IT жоғары оқу орындарының көптеген мықты командалары аясында сәтті өнер көрсеткенін атап өтеміз.