КРМУ әскери кафедрасының өкілдері Мәншүк Мәметованы еске алу іс-шарасына қатысты
2026 жылғы 23 қазанда Алматы қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 104 жыл толуына орай «Ерлік пен нәзіктіктің символы – Мәншүк Мәметова» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан-Ресей медициналық университетінің әскери кафедрасының өкілдері мен студенттері, сондай-ақ Алматы қаласындағы әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты. Іс-шара батыр қыздың ерлігін ұлықтауға, жастардың патриоттық рухын қалыптастыруға және тарихи мұраға құрмет көрсетуге бағытталды.