Жұқпалы аурулар кафедрасының волонтерлік қызметі
2024–2025 оқу жылы барысында Жұқпалы аурулар кафедрасы волонтерлік қызмет аясында белсенді жұмыстар жүргізді. Негізгі назар халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарына, жұқпалы аурулардың алдын алуға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы кезеңінде профилактикалық шаралар аясында «ШЖҚ «Қалалық емхана №36» МКК базасында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту дәрісі өткізілді. Дәріс барысында тұмау мен ЖРВИ-дің диагностикасы, клиникалық ағымы, алдын алу және емдеу мәселелері қарастырылды. Ерекше назар аурудың дифференциалды диагностикасына және вирусқа қарсы терапияны уақтылы тағайындауға аударылды. Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру және сырқаттанушылықтың өсу кезеңінде медициналық көмектің сапасын жақсарту. Халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсанда Жұқпалы аурулар кафедрасында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында келушілерге мамандар тарапынан кеңес беріліп, жедел және созылмалы жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы жөнінде тақырыптық әңгімелер жүргізілді. Мұндай іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Жұқпалы аурулар кафедрасының волонтерлік қызметі аясында Алматы қаласындағы №12 шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері үшін оқыту дәрісі өткізілді. Іс-шараның өткізілуіне өңірдегі менингококк инфекциясының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы себеп болды. Дәріс барысында медицина қызметкерлеріне менингококк инфекциясын диагностикалаудың, клиникалық тұрғыдан жүргізудің және емдеудің заманауи тәсілдері таныстырылды. Ерекше назар ауру белгілерін ерте анықтауға, шұғыл көмек көрсету алгоритміне және шұғыл профилактикалық шараларға аударылды. Мұндай оқу-білім беру бастамалары эпидемиологиялық қауіп жағдайында медицина қызметкерлерінің тиімді әрекет ету дайындығын арттырып, халықты жұқпалы аурулардан қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді