Академик Әлкей Марғұланның 120 жылдығы және Бүкіләлемдік философия күніне арналған «Этнографиядағы философ» атты кездесу
2024 жылдың 25 қарашасында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Оразханның ұйымдастыруымен, академик Әлкей Марғұланның 120 жылдығы және Бүкіләлемдік философия күніне арналған: «Этнографиядағы философ» тақырыбында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к. Әсет Абайұлы Құранбекпен кездесу өтті. Кездесу қонағы, Ә.А. Құранбек, өз сөзінде академик Әлкей Марғұланның қазақ халқының тарихи санасын сақтап қалу мен жаңғырту жолындағы еңбегіне кеңінен тоқталып, оның өнертану, тарих, археология, этнография, әдебиеттану сынды ғылымның сан-саласы бойынша зерттеулерінің қымбат ғылыми мұра екендігімен құнды екендігін түсіндірді. Білім алушыларға аталған тақырыпта жарық көріп жатқан бірқатар зерттеулермен танысып шығуды ұсынды. Кітапханашы Ләззат Нұрғазина білім алушылар мен қонақтарды кітап көрмесімен таныстырды. Кездесуге қатысушы студенттер, академик Әлкей Марғұланның өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы тың деректермен танысып, кездесуден жақсы әсер алды