Кітапхана
Байланыс ақпараты:
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
Кітапхана туралы
Кітапхананың тарихы 1992 жылы Қазақстан-Ресей медициналық университеті ашылуынан басталады. Алғашқы кітап қоры шамамен 3 мың дана кітаптан тұрған және жоғары оқу орнының қалыптасуы мен дамуы тарихымен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта бұл – шамамен 600 мың дана басылымы бар, бай кітап қорымен қамтамасыз етілген заманауи кітапхана.
Кітапхананың негізгі мақсаттары
- Жоғары оқу орнының білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу.
- Білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістерін кітапханалық-ақпараттық қолдау.
- Кітапхана қорын және жоғары оқу орнының ғылыми мұрасын келесі ұрпақ үшін сақтау.
- Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық мәдениетін арттыру.
Кітапхана қоры бейіндік, іскерлік және көркем әдебиеттерден, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мерзімді басылымдардан тұрады.
Кітапхана пайдаланушылары отандық және шетелдік лицензиялық электрондық ресурстарға қол жеткізе алады.
Оқырмандар үшін
Ережелер:
- Бір данамен берілетін кітаптар, мерзімді басылымдар, энциклопедиялар, атластар, анықтамалықтар және сирек басылымдар үйге берілмейді — тек оқу залында пайдалануға болады.
- Әдебиеттер студенттерге оқу семестріне, тиісті пәнді оқу кезеңіне немесе бір цикл мерзіміне беріледі.
- Егер студент алдыңғы курс, семестр немесе цикл бойынша кітаптарды тапсырмаса, жаңа кітаптар берілмейді.
- Оқу залынан кітаптарды алып шығуға қатаң тыйым салынады. Оқу залынан ұзақ уақытқа кеткен жағдайда, оқырман қолындағы кітаптарды кезекші кітапханашыға тапсыруы тиіс.
Оқырмандар міндетті:
- Кітаптарға және басқа баспа өнімдеріне ұқыпты қарауға, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
- Ешқандай белгі қоймауға, астын сызбауға, беттерін жыртпауға немесе бүктемеуге, қордың орналасу тәртібін бұзбауға;
- Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, оны дәл сондай кітаппен немесе кітапхана тең деп таныған басылыммен өтеуге;
- Жазғы демалысқа шығар алдында өз атына тіркелген барлық кітаптарды тапсыруға. Жазғы демалыс кезінде кітаптар оқырманның жеке сұранысы бойынша беріледі.
Электрондық ресурстар
Электрондық каталогДерекқорлар
| Қазақстан-Ресей медициналық университеті ғылыми еңбектері – университеттің профессор-оқытушылар құрамының жеке басылымдары | https://new.krmu.edu.kz/SysPages/notificationPage.html |
| IPR Smart ЭБЖ – білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған, халықаралық лицензияланған, сертификатталған толықмәтінді электрондық басылымдар базасы. | www.iprbookshop.ru |
| Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖООЭК) — Қазақстан ЖОО-ларының электрондық ресурстарын біріктіретін бірыңғай дерекқор. | rmebrk.kz |
| Консультант студента – негізгі медициналық пәндер бойынша заманауи оқу әдебиеттерінің толық мәтіндеріне қолжетімділік беретін көпсалалы білім беру ресурсы. | studentlibrary.ru |
| Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті электрондық кітапханасы – еліміздің жетекші жоғары оқу орнының электрондық кітапханасы. | elib.kaznu.kz |
| Cochrane Library — бақыланатын клиникалық зерттеулердің дерекқоры, дәлелді медицина саласындағы негізгі ақпарат көзі. | cochranelibrary.com |
| Wiley Online Library – Wiley баспасының журналдар коллекциясы, 1600-ден астам журналдағы 4 млн-нан астам мақаланы қамтиды. | onlinelibrary.wiley.com/ |
| Web of Science – журнал мақалалары, ғылыми конференциялар және монографиялар бойынша көпсалалы аналитикалық реферативтік дерекқор. | webofscience.com |
| Scopus – әлемдегі ең ірі реферативтік және ғылымиметриялық дерекқор. Сапалы зерттеулерді іздеу, дәйексөз келтіруді бақылау және ғалымдардың өнімділігін бағалау үшін қолданылады. | scopus.com |
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Кітапхана ресурстары мен қызметтерін пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ кітапханамен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар бойынша өз факультетіңіздің пәндік кітапханашысына жүгінуге болады.
| Мамандық | Аты-жөні | Байланыс |
|---|---|---|
| Жалпы медицина | Кыдырбаева Қызғалдық Сағындыққызы | 8 777 840 2981 |
| Қоғамдық денсаулық сақтау | Усенова Надия Хасановна | 8 747 893 4012 |
| Стоматология | Арықбаев Айгүл Омекеевна | 8 747 014 2192 |
| Мейіргер ісі | Нұрғазина Лязат Гавриловна | 8 702 745 7235 |
| Фармация | Жанпеисова Жанар Бейсеновна | 8 778 988 0186 |
| Резидентура | Сарсенбай Қанат | 8 707 505 5749 |
| Резидентура | Алдабергенова Динара Төреханқызы | 8 705 507 1658 |
| Резидентура | Дүйсебаева Жанат Аманқұлқызы | 8 747 802 3145 |
| Магистратура | Молдабекова Майрагүл Омарбекқызы | 8 702 303 5926 |
| Докторантура | Мұқашева Мейрамкүл Смажанқызы | 8 747 918 6457 |