Балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні
2025 жылғы 30 мамырда №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында Балаларды қорғау күніне орай іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге волонтерлер - неврология кафедрасының оқытушылары мен резиденттері белсенді қатысты. Іс-шара аясында балаларға арналған шығармашылық аймақ ұйымдастырылды, онда кішкентай пациенттер дәрігер қабылдауын күткенде сурет салып, мүсін жасап, би билей алды. Мұндай атмосфера балалардың мазасыздығын төмендетіп, жағымды эмоционалды орта қалыптастырды. Кафедра қызметкерлері мен 1–2 оқу жылындағы резиденттердің белсенді қатысуымен 45 бала медициналық тексерістен өтті. Жас мамандар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен құнды клиникалық тәжірибе жинақтаса, ата-аналар медициналық қызметкерлер тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді сезінді. Іс-шараның мақсаты — балалардың өмір сүру, білім алу, өз пікірін білдіру және қорғалуға деген құқықтарын қоғамға еске салу, сондай-ақ балалық шаққа ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өту.