KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Синтетикалық есірткілер және жастардың психикалық денсаулығы 2026 жылғы 14 қазанда университетте студенттер мен психиатр-нарколог дәрігер, психиатрия және наркология кафедрасының маманы Камалбекова Жамилә Азаматовнаның қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында синтетикалық есірткілердің жастардың психикалық және физикалық денсаулығына әсері, психобелсенді заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің алдын алу шаралары қарастырылды. Іс-шарада өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыруға, кәсіби көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығына және студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылды.