«Денсаулық сақтау менеджменті» атты дөңгелек үстел
2024 жылы 11 қазанда «Тілдік пәндер» кафедрасы «Қазақ тілі» секциясының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Медицина факультетінің 117А, 122А, Стоматология факультетінің 112А топтары және кафедра оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілді. Әр топ өз ұсыныстарымен бөлісіп, сарапшылар топ жұмыстарын әр түрлі бағыт бойынша бағалады. Сондай-ақ, денсаулық және халық денсаулығын нығайту, телемедицинаны дамыту бойынша түрлі ұсыныстар айтылды. Іс-шара барысында студенттер дұрыс өмір сүрудің жолдары мен қағидалары туралы және денсаулыққа байланысты өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Денсаулық – ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы екенін естен шығармау керектігі де айтылды.