KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылдың қазан–қараша айларында университетте барлық факультеттердің 1-курс студенттеріне арналған көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, аты аңызға айналған хирург, еліміздегі хирургия мектебінің негізін қалаушы, «Халық Қаһарманы» Мұхтар Әлиұлы Әлиевтің музейіне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Музей экспозициясы ұлы ғалымның өмірі мен кәсіби қызметінің негізгі кезеңдерін қамтып, оның ғылыми жетістіктері мен отандық медицинаның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы сыр шертеді. Студенттердің ерекше қызығушылығын Мұхтар Әлиұлының өмірі мен сан қырлы қызметін жақынырақ тануға мүмкіндік беретін мұрағаттық фотосуреттер, тарихи құжаттар мен жеке заттары тудырды. Музейге бару бірінші курс студенттері үшін Қазақстан медицинасының тарихымен танысуға, көрнекті тұлғаның өмір жолын тереңірек білуге, оның мамандығына деген адалдығы мен халыққа қызмет ету жолынан үлгі алуға тамаша мүмкіндік болды.