KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2025 жылы сәуірдің 3 күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты Омарғазы Ерғали Ерғазыұлының ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай тапсырмалары контекстіндегі ашық дәріс: «Қазақстандағы рухани және мәдени құндылықтар: өткен мен бүгіннің сабақтастығы» атты тақырыбындағы ашық дәрісі өткізілді. Дәріс стоматология факультетінің 1 курс студенттеріне Ұлттық құрылтайда қарастырылған мәселелерді талқылау, жастар арасында қоғамдағы мәдени құндылықтардың маңызын, еліміздегі бірлікті нығайту, руханиятты насихаттау мен түсіндіру мақсаттарын қамтыды. Ашық дәріс көлемінде Қазақстандық мәдениет пен руханияттың ерекшеліктері, тарих пен бүгіннің, ата баба мәдениетінің бүгінгі ұрпақ бойынан табылуы тиіс рухани қасиеттері мен құндылықтары, дәстүрлі қоғам мен заманауи жаһандық мультимәдени коммуникациялық кеңістіктегі жан-жақтылықты, бәсекеге қабілеттілікті көтеру мен дамытудағы білімнің маңыздылығына баса назар аударылды. Ашық дәріс соңында қатысушылар дәрістен алған әсерлерімен бөлісіп, тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Іс шара еліміздегі мәдениет пен руханиятты насихаттауда қажетті, жастарды отансүйгіштік тәрбиеге баулуда пайдалы дәріс болды.