KRMU — News
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2026 жылғы 19 қазанда «Білім беру және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС-да 1-курс студенттеріне арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесуде Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы сөз сөйледі. Дәріс барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, сондай-ақ ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы ақпарат берілді. Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында халықтың жалпы мәдениеті мен білім деңгейін арттырудың, оның ішінде құқықтық сананы дамытудың, сондай-ақ отбасында және қоғамда толеранттылық дәстүрлерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.