«Тәрбие және ұлттық құндылық»
2025 жылы 2-ші сәуірде, Фармация кафедрасының кураторы Ж.Ж. Жаксыгалиева 401 А,Б кураторлық топ студенттерімен «Педагогикалық шеберлік академиясы» ҚБ ұйымдастыруымен өткен, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері, қоғам қайраткері Бекжан Тұрыспен «Тәрбие және ұлттық құндылық» тақырыбындағы кездесуінде болды. Дәріс барысында Б. Тұрыс өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы, салт – дәстүрлерді сақтаудың қажеттілігі және қазақ мәдениетінің болашағы туралы ой қозғап, елдің болашағы ар-намысы биік, ел мүддесін ойлайтын білімді де, талантты жастардың қолында екендігі туралы айтты. Дәріс соңында, жастарды алаңдататын бірқатар тақырыптар мен сауалдарға жауап берді.