Студент - волонтерлер – «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасының қатысушылары
Республика күнін мерекелеу қарсаңында, 2024 жылғы 19 қазанда Молекулярлық биология курстарымен кафедрасының волонтерлері оқытушы К.М. Букарбаевтың жетекшілігімен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жарқын күз» акциясына және «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық акциясына белсене қатысты. Акция халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қала аумақтарын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған. Біздің волонтерлер Алатау саябағының аумағын тазалауға, сондай-ақ 1500 көшет отырғызуға қатысты.