«Денсаулық физиологиясы: экологиялық аспектілер және бейімделу әлеуеті»
10.11.2026 ж. Қазақстан-Ресей медицина университетінің «Анатомия кафедрасы курстарымен» кафедрасының физиология курсында «Денсаулық физиологиясы: экологиялық аспектілер және бейімделу әлеуеті» тақырыбында студенттік конференция өткізілді. Конференция аясында «Медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1–2-курс студенттері тақырыптық баяндамалар жасады. Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарына физиология курсының оқытушылары және олардың жетекшілігіндегі кураторлық топтардың студенттері қатысты. Конференцияға арнайы шақырылған «Генетика және физиология институты» асқорыту физиологиясы зертханасының меңгерушісі міндетін атқарушы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы Макашев Ербулат Капанович дәріс оқыды.