8D10102 – «Медицина» диссертациялық кеңесі
Құрамы:
- Баймаханов Болат Бимендеевич (Baimakhanov/Baymakhanov Bolatbek) – диссертациялық кеңестің тұрақты мүшесі.
- Шарипов Камалидин Орынбаевич (Sharipov Kamalidin Orynbayevich) – диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, тұрақты мүшесі.
- Мадьяров Валентин Манарбекович (Madyarov Valentin Manarbekovich) – диссертациялық кеңестің төрағасы, тұрақты мүшесі.
- Таукелева Сауле Айдаратовна (Taukeleva Saule Aidaratovna) – диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тұрақты мүшесі.
Докторанттарға арналған ақпарат:
Диссертациялық кеңеске мынадай құжаттар ұсынылады:
- Университет ректорының атына жазылған өтініш;
- Диссертациялық кеңес төрағасының атына жазылған өтініш;
- Отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың пікірлері;
- Білім беру бағдарламасын іске асыратын кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытындысы;
- Диссертациялық жұмыс түрінде қорғалатын жағдайда қатты мұқабадағы және электрондық тасымалдағыштағы диссертациялық жұмыс;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотация. Аннотацияда диссертациялық зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, зерттеу міндеттері мен әдістері, қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер, негізгі нәтижелер, алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі және әрбір жарияланымды дайындауға докторанттың қосқан үлесі сипатталады; Аннотацияда диссертациялық.docx
- Ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері; Жарияланған еңбектер тізімі.docx
- Докторант білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының этикалық комиссиясының зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және нәтижелерін тарату барысында бұзушылықтардың болмағаны, сондай-ақ зерттеу объектілерінің құқықтары, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты қорғалғаны туралы қорытындысы; Этика комитетінің қорытындысы.docx
- Университет Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан диссертациялық жұмыс тақырыбын және ғылыми консультанттарды бекіту туралы үзінді және/немесе тиісті бұйрық;
- Транскрипт;
- Университеттің ғылыми кітапханасынан немесе Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығынан халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдардың бар екені туралы анықтама.