Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шара
2024 жылғы 4 желтоқсанда Анатомия курстармен кафедрасында Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне арналған онлайн іс-шара өткізілді. Іс-шараны кураторлар Д.М.Байтилесова, Г.Ш. Татаринова, Г.Н. Бектемирова, А.А. Шермаханбет Жалпы медицина факультетінің 211Б, 212А, 216 А, 218 Б, 219 Б топтары студенттерімен өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты-салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау. Іс-шараны өткізу барысында: жастарды ЖИТС жағдайы туралы хабардар ету, білім алушыларға салауатты өмір салты дағдыларын үйрету; АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жастардың қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Студенттер ақпаратты тыңдап, бейнероликтерді көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.