1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және осы адамдарды туған-туыстары ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы келісімді нығайтудың маңыздылығын, асыра бағалау қиын. Сондықтан, Алғыс айту күнін мерекелеу дәстүрінің алдында жас қазақстандықтарға халықтардың бірлігі мен достығы мемлекеттіліктің де, тұтастай демократиялық қоғамның да негізінде жатқанын көрсету қиын міндет тұр. Алғыс айту күні қарсаңында, университетте, барлық факультеттердің барлық курстарында кураторлар «Қазақстан - бейбітшілік пен келісім елі», «Шын жүректен алғыс айтамын!», «Достық шаңырағының астында», «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз», «Алғыс айту – парызым» атаулармен патриоттық іс-шаралар өткізілді.