KRMU — News
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

2024 ж. 28 қарашада университетте 1-курс студенттерінің көрнекті қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік тілдің нағыз жан ашыры Асылы Әлиқызы Османмен «Бір ұлт – бір тағдыр» атты кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Г.К. Шуланбекованың ұйымдастыруымен өтті. Кездесу студент жастарды патриотизмге тәрбиелеу және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мәселелеріне арналды. Асылы Әлиқызы қазақ тілінің тағдыры туралы өз ойларымен бөлісті, студенттердің қоғам өмірі туралы сұрақтарына жауап берді, Алматы ҚХА-ның қазақ тілін қоғамда насихаттау және ілгерілету бойынша жүргізіп жатқан қызметі туралы айтты. Студенттер өлең оқыды, би, әндер мен күйлер орындады, кафедра оқытушылары қоғам қайраткеріне арнаған өлеңдерін оқыды.