№5 Қалалық клиникалық ауруханадағы Балаларды қорғау күніне арналған мереке және сенбілік
2 маусым күні №5 Қалалық клиникалық ауруханада Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Балалар отоларингология бөлімшесінде мерекелік кездесу ұйымдастырылды: волонтерлер, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оториноларингология курсы оқытушылары мен резиденттер бұл жарқын мерекемен кішкентай науқастарды шын жүректен құттықтады. Балаларға сыйлықтар табысталып, қуанышты әрі мейірімді атмосфера қалыптасты. Кішкентай пациенттер күлімдеп, өздеріне көрсетілген қамқорлық пен көңіл бөлуді сезінді, бұл емделу кезеңінде ерекше маңызды. Сонымен қатар, осы күні аурухана аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Волонтерлер мен аурухана қызметкерлері бірлесіп аумақты тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, мекеменің сыртқы келбетін жаңартты. Сенбілік ұжымдық жұмыстың, жайлы ортаға деген қамқорлықтың және аурухананың кеңістігін пациенттер мен қызметкерлер үшін жағымды әрі жайлы етуге деген ұмтылыстың жарқын үлгісі болды.