KRMU — Page
STUDENT
HUB
Служба
поддержки
RU
RU
KZ
ENG

Біз – инновациялық, әлеуметтік бағытталған, тәжірибеге бағдарланған, халықаралық деңгейде танылған университетпіз. Университет – ұлттық және халықаралық деңгейде танылған, барлық мүдделі тараптармен белсенді байланыс орнататын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлаудың икемді моделін іске асыратын, оның ішінде процестерді цифрландыру арқылы дамитын оқу орны.

Команда:

Біз – қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге ұмтылатын жоғары білікті пікірлестерміз.

Проактивтілік:

Біз алдағы өзгерістер үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алып, оларды іске асыруда алдын ала әрекет етеміз.

Тұтынушы:

Біз өз қызметтерін тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына жауап беретін фактілер мен тәуекелдерге негізделген оңтайлы шешімдер қабылдауға қабілетті жаңа буынды тәрбиелейміз.

Өзара қатынастарды басқару:

Біз қызметімізді қызметкерлер мен бөлімшелер арасындағы барынша ашық, адал және тиімді коммуникация қағидаттарына негіздейміз.

Процестік тәсіл:

Біз белгіленген сапа деңгейінде мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйым процестерін жүйелі түрде айқындап, басқарамыз.

Адалдық:

Біз әлеуметтік-жеке құзыреттерді үздіксіз дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, кәсіби және тұлғалық өсуге, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік жасау арқылы мүдделі тараптардың адалдығын қалыптастырамыз.